Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі келесі кездесу Сочиде өтеді

Сурет: zakon.kz
Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі келесі халықаралық кездесуді 2018 жылдың шілдесінде Сочиде өткіземіз деп шештік», - деп атап өтеді кепілгер елдер өкілдері.

Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі келесі кездесу Сочиде өтеді. Бұл жайында бүгін елордада өткен Астана процесінің 9 рауындының қорытындысына орай Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кепілгер үш елдің БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитеті сарапшыларының қатысуымен ұсталғандар мен тұтқындарды босату, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу және қаза тапқандардың мүрделерін беру жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысын өткізгендігін қолдаймыз. Жұмыс тобының атқарылған жұмыстар туралы есеп мәліметтерін қабылдадық және Сириядағы жанжалдасушы тараптардың арасындағы сенімді нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді жалғастыру қажеттігін қуаттадық. Жұмыс тобының келесі отырысын 2018 жылдың маусымында Анкарада өткізуге уағдаластық», - делінген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев жария еткен бірлескен мәлімдемеде.

Сонымен қатар аталған құжатта БҰҰ ҚК 2254 қарары ережелерін басшылыққа ала отырып, Сочиде өткен Сириялық ұлттық диалог конгресі ұсыныстарының орындалуына жәрдемдесу жолымен саяси реттеу процесін ілгерілету үшін бірлескен күш-жігерді жалғастыруға дайын екендіктерін қуаттағандығы айтылған.

«Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстандық билікке Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі 9-халықаралық кездесуді Астанада өткізгендігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі келесі халықаралық кездесуді 2018 жылдың шілдесінде Сочиде өткіземіз деп шештік», - деп атап өтеді кепілгер елдер өкілдері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды