Қасымбек Атыраудағы лифт пен Астанадағы эскалаторға қатысты түсініктеме берді

Liter.kz
Министр мәселенің мән-жайын анықтауға сөз берді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында министр Жеңіс Қасымбек журналистердің екі жасөспірімнің Атыраудағы лифт шахтасына түсіп көз жұмуына және Астанадағы сауда орталығында эскалаторға қысылып қалған қыздың жағдайына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Атыраудағы лифт шахтасына қатысты: екі жасөспірім 14, 15 жаста. Ол тұрғын үйде жабық тұрған лифт болған. Мен бірден ескерте кетейін, біздің министрлік, индустрия комитеті өндірістегі лифт механизмі мәселелеріне ғана жауапты. Тұрғын үй ғимараттарына келсек, бұл аймақтағы әкімдіктерінің жауапкершілігі. Бірақ, оқиға орын алғандықтан, Атырау облысының әкімдігімен бірігіп қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Лифт жабық болған, балалардың ол лифтке не үшін кіргені - бұл үлкен мәселе. Қазір әкімдік жеке комиссия құрды, біз оларға көмектесеміз», - деп түсіндірді ол.

Жазалау мәселесіне қатысты, министр бұл мәселені комиссия шешетінін атап өтті.

«Мен білмеймін, комиссия шешеді. Ол жерде КСК бар, жауапты адамдар бар. Әрине, кінәлі адамдар міндетті түрде анықталады және сотта жазаланады», - деді Ж. Қасымбек.

Сондай-ақ, министр Астана қаласының сауда орталықтарының бірінде эскалатордың ақауынан жарақат алған екі жасар қыздың жағдайына қатысты тексеру жүргізуге уәде берді.

«Эскалаторға қатысты жағдайды біз толық тексереміз. Жауапкершілік анықталады, эскалаторларды жөндеу мерзімдері жабдықтың түріне, техниканың жұмыс істеу мерзіміне байланысты. Алғашқы ақпарат бойынша, бұл техника ескірген жоқ, ол бастапқыда болған құжаттамада қолданылған», - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі