Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа бес жастан бастап баратын болды

sputniknews.kz
ҚР білім және ғылым Министрлігі баланы мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді.

ҚР білім және ғылым Министрлігі баланы мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы бірінші сыныпқа бұрынғыдай осы жылғы күнтізбеге орай алты жасқа толатын жеті жастағы балалар барады.

"Яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар осы жылдан бастап бірінші сыныпқа барады, олар күнтізбе бойынша жыл соңына дейін толықтай алты жасқа толады, сондықтан мектепке қабылдануға толық құқылы. Ата-аналар да басқа білім беретін мекемелерді таңдай алады. Оқудан бас тартқан жағдайда ата-аналар мен оқушының заңды өкілі тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті білім беру мекемесіне жүгінеді", – делінген ҚР БҒМ хабарламасында.

Аталған заңнама ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша жасалған.

ҚР БҒМ құжаттар 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүретінін еске салды. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдайтын құжаттар арасынан мекенжай анықтамасы алынып тасталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты