Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін Астанада 10-ға жуық мемлекеттік қызметкер жазаланды

Хабар 24
Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желідегі парақшасында қанша жазба қалдырса да өз еріктерінде.

Биыл жыл басынан бері әлеуметтік желідегі әдепсіз жазбалары үшін Астанада 10-ға жуық мемлекеттік қызметшіге қатысты шара қабылданды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері саласын бақылау басқармасының басшысы Ернар Маханов айтты, деп хабаралайды Елорда Инфо.

«2017 жылы мониторинг жүргізу кезінде әлеуметтік желіде бейәдеп пікір жазған және суреттерін жүктеген 10 шақты орталық мемлекеттік органдардың қызметшілерін анықтадық. Оларға әрекет етіп, шара қолдану үшін өзіміздің орталық құзырлы органымызға тапсырдық. Ал биыл жыл басынан бері Астана қаласының шегіне жататын мемлекеттік органдардың 10 шақты мемлекеттік қызметшісіне қатысты шара қолданылды», – деді Ернар Маханов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желідегі парақшасында қанша жазба қалдырса да өз еріктерінде.

«Біз желідегі жазбалардың санына шектеу қоймаймыз. Оған заңмен тыйым салынбаған. Ең бастысы халықтың наразылығын тудыратын суреттер салынбаса болды. Алайда бейәдеп сөздермен пікір жазып, әдепсіз сурет жүктелсе, әрекет етеміз», – деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев