Абылай хан заманындағы қабір тастар табылды

www.qamshy.kz
Арабша жазуды оқу барысында, жерлеу орын XVIII ғасырдың басы –XIX ғасырдың соңында жазылып, тастың біреуі – қажынікі, ал екіншісі – Абылай ханның қасында жүрген нөкерінікі деп болжанды.

Зеренді ауданында егіс дала жұмысы барысында (Қазақстан ауылына жақын орналасқан Уәли хан мазарынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде) «Азияагрохим» ЖШС-нің директоры Б.Б. Козлов жыртылған жерде болжам бойынша ескі жерлеу орны болып келетін арабша жазылған гранит түріндегі екі тақта тасын тапқан, деп хабарлайды qamshy.kz Ішкі саясат басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

2018 жылдың 21 мамырында осы жерлеу орынды анықтау мақсатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің инспекторлары, «Зеренді ауданының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің» және «Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мамандары мен жергілікті өлкетанушылардан құралған құрам аталмыш объектіге барды. Екі жерлеу орнынан басқа, сол жерден тағы 30 шақты белгісіз мұсылман зираты анықталды.

Аталмыш тарихи орынды кәсіби деңгейде анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтынан (Алматы қ.) арнайы маманды шақырды.

Арабша жазуды оқу барысында, жерлеу орын XVIII ғасырдың басы –XIX ғасырдың соңында жазылып, тастың біреуі – қажынікі, ал екіншісі – Абылай ханның қасында жүрген нөкерінікі деп болжанды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді