Үндістанда ызаланған піл қожайынын таптап өлтірді

Бұл жантүршігерлік өлімді 300-ге жуық адам өз көзімен көрген.

Үндістандағы ғибадатханаларының бірінде ызаланған піл өз қожайынын таптап өлтірді, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Тамилнад штатындағы үнді ғибадатханаларының бірінде орын алған. 48 жастағы Гайендран есімді ер адам пілдің үстінде келе жатқан. Не болғаны белгісіз, бірақ, піл аяқ асты үстінде отырған қожайынын жұлып алып, жерге лақтырған. Ызаланаған жануар бұнымен қоймай, иесін таптап өлтірген. Басылымның мәліметі бойынша, марқұмның қанынан ғибадатханада аяқ алып жүретін жер қалмаған.

Қожайынын таптап өлтірген пілді ғибадатхананың аумағынан тек 40 минуттан кейін ғана әрең тыныштандырып шығарған. Бұл жантүршігерлік өлімді 300-ге жуық адам өз көзімен көрген. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Полиция бөлімшесіндегілер пілдің не себептен ызаланғанын әзірше түсіндіре алмай отыр. Осы оқиғадан кейін ғибадатхана уақытша жабылып, піл таптап өлтірген марқұмның денесі сараптамаға жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: