Жұмыс сапарының соңында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы және Алматы облысының БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.
Брифинг барысында Елжан Біртанов сапарын қорытындылап, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
- Бүгін таңертең Алматы облысы мен Алматы қаласындағы медициналық мекемелерге бардым. Кемшіліктердің барлығын жауапты адамдарға көрсетіп, қажетті тарсырма жүктелді. Жағдайды ары қарай өзім бақылауымда ұстаймын, - деді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, өткен жылы енгізілген медициналық қызметтердің стандарттары сақталмаған.
Баспасөз конференциясының соңында Денсаулық сақтау министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қоғамда қалыптасқан жағымсыз пікірге министрлік те жауапты деді Біртанов. Дегенмен, жақсы нәтиже көрсетіп, науқастардың сауығуына ат салысқан дәрігерлерді де атап өтті.
- Мен осы күндері аяғынан тік тұрып, жәрдем берген барлық дәрігерлерге рахмет айтқым келеді. Әрине, кемшіліктер бар. Бірақ оларға шенеуліктер, мына біз жауаптымыз. БАҚ өкілдеріне көп рахмет, нақты ақпаратты дер кезінде таратқандарына, - деді Біртанов.