Сағынтаев жол салу мәселесі жөнінде: Сендер кірісемін дегенше, қыс түсетін болды

zakon.kz
Жол салу мәселесінде халықаралық қаржы институттарынан алынған қаражатты игере алмай қаупі бар.

Қазақстан үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықаралық банктерден алынған қаражатты тиімді және уақытылы игеру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Біз бюджеттің игерілгенін көріп отырмыз. Уақыт өтіп жатыр, маусым жақындап келеді, қазан айынан бастап күн суытады. Жол салу мәселесі, Жеңіс Махмұдұлы (Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі), қиын болады. Асқар Ұзақпайұлы (Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары), бүгінгі кездесуде 6 айдың қорытындысы бойынша қаржыны қайтару керек екенін айтты. Бөлінген қаражат уақытылы игерілуі тиіс», - деді ол.

"Жол құрылысына байланысты үлкен тапсырмалар болды, Жеңіс Махмұдұлы, игеріле алмау қаупі бар. Мәдениет және спорт министрлігі визит-орталықтарын соғып бітем дегенше туристік маусым өтіп кетеді. Онда ақшаны неге сұрадыңдар?" - деді үкімет басшысы Ж. Қасымбекке.

Сондай-ақ қаржыны игере алмау ауыл шаруашылығында да бар.

"Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлігі де... Қосымша міне, қаржы сұрап отырсыздар. 42 млрд деген дайын тұр, міне. Алу керек те - басқа салаға салу керек. Бәрібір одан пайда жоқ», - деді ол.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды