СІМ бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пара алғаны үшін қамауға алынды

Қарашев 10 млн теңгені құраған заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алып отырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро өкілдері Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевті аса ірі көлемде пара алғаны үшін қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол министрліктің ведомство ұйымдарының жетекшілерінің заңға қайшы әрекеттерін жасырған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қарашевтың ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмысын әшкереледі. Жауапты лауазымды қызметті атқара отырып министрліктің ведомствалық бағынышты ұйымдарының басшылары Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырып отырған. Бұл үшін Қарашев олардан 10 млн теңгені құраған заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алып отырған.

Өз кезегінде Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанова қылмыстық схеманы ұйымдастыра отырып министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасаған және оларды кедергісіз қабылдау үшін кәсіпкерлерден 20 млн теңгеден астам пара алған. Жалпы алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Соттың санкциясымен Қарашев пен Нүрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпас жазасы қолданылды», - деді Жақин.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: