Қазақстандық студенттер жатақханаға мұқтаж

23 мың студентке орын жетіспейді. Астанада - 17 мың, Шымкентте 11 мың орын тапшы.

Алдағы оқу жылынан бастап студенттерге арналған жатақхана құрылысы қарқын алады. Яғни жастар үшін 5 мың орындық баспана салу көзделіп отыр. Бұл туралы үкіметте білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты. Бұл туралы zakon.kz Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, осы мақсатқа 150 млрд теңге жұмсалады. Бұл алдағы 5-6 жылға жоспарланған қаржы. Бүгінде 204 мыңдай студент бар. Оның жүз мыңнан астамы жатақханаға зәру. Баспанамен қамтылғаны -66%. Министрліктің дерегінше, жастардың жатақханаға сұранысы Алматыда жоғары.

23 мың студентке орын жетіспейді. Астанада - 17 мың, Шымкентте 11 мың орын тапшы. Жатақха жайы - Президенттің бес әлеуметтін бастамасының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылдың соңына дейін жастар үшін 75 мың орынға дейін жатақхана салынуы қажеттігін тапсырған.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі: Жатақханалардың жобасы әзірленіп жатыр. Қаржы орталығы, министрлік пен банк арасында келісімшарт түзіледі. ЖОО немесе құрылысты салушы банктен қарыз алады, нысан пайдалануға берілген соң мемлекеттен жатақхананың өтемақысы төленеді. Төлеу мерзімі 8 жыл. Бұл жүйе қаржы министрлігімен және оқу орындарымен талқылап, мақұлданған.

Вице-министрдің дерегінше, оқу орындары жанынан 134 жер телімі бөлінген. Құрылысқа қажет қаражаттың жұмсалу нобайы да жасалыпты. Соған сәйкес мемлекет жоғарғы оқу орнына кезең кезеңімен әр орынға ақша бөледі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: