Ұлттық банк девальвация туралы қауесеттерге байланысты түсініктеме берді

infbusiness.com
Қауесеттердің барлығында ешқандай негіз жоқ.

ҚР Ұлттық банкі теңге девальвациясы үшін іргелік негіздемелерді көріп тұрған жоқ. Бұл туралы Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, отырыс барысында «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды.

«Теңге бағамына байланысты ресми мәлімдеме жасаған болатынбыз. Осы қауесеттердің барлығында немесе бұған қатысты іс-қимылдарда ешқандай негіз жоқ. Себебі қазіргі кезде рубль бағамына қарасақ, осы валюта құбылмалы болса да, ол бойынша елеулі өзгерістер орын алмады. Мұнай бағасы ел бюджетінде белгіленген параметрлерден елеулі түрде асып түсті. Атап айтқанда, бағамға қатысты қауесеттер жиі пайда болады. Егер де өткен жылдарға шолу жасасақ, бізде жазғы демалыстар кезеңінде үнемі валюта бағамының өзгеруіне қатысты түрлі сыбыстар тарап жатады. Қазіргі кезде, ағымдағы жылы аталған қауесеттерді растайтын ешқандай да іргелі негіздер жоқ», - деді О. Смоляков депутаттар сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің еркін айырбастау бағамы режімі сақталатынын мәлім етті.

Заң жобасының негізгі мақсаты - ел экономикасының қазіргі даму кезеңіне, еліміздің әлемдік жүйеге кіруіне және ДСҰ-ға енуге байланысты валюталық заңнаманы жоспарлы түрде өзгерту болып табылады.Талқылаудан кейін комитет мүшелері заң жобасын палатаның жалпы отырысына енгізу шешімін қабылдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды