ШҚО-да мал егуге шыққан ветеринарлар жоғалып кетті

www.inform.kz
Жоғалған адамдарды іздеуге Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағаының мамандары тартылды.

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданына қарасты Маралды ауылдық округінде мал егуге шыққан ветеринарлар жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50 жастағы маман қасындағы әріптесімен бірге кештетіп Маралды ауылынан Үшбұлақ елді мекеніне шығады. Кейін олардың діттеген жерге жетпегені мәлім болған. Маралды ауылынан 5 шақырым жердегі Күршім өзенінің жағасынан ветеринарлар мінген көліктің бөлшектері табылған.

«Оқиғаның қалай өрбігенін тексеру органдары анықтауда. Өзен жағасында көлікті кенет тежеген із қалған. Ол із өзен арнасына жетіп үзілген. Жағалаудың бұл бөлігі опырылуға бейім екені де көрініп тұр. Автомобиль Күршім өзеніне батып кетті деген болжам бар», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Жоғалған адамдарды іздеуге Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағаының мамандары тартылды.

«Қазір су деңгейі көтеріліп кеткен. Өзендер тасып жатқандықтан ештеңе көрінбейді. Су ағысы да қарқынды. Іздеу жұмыстарының өзі тәуекелмен жүргізіліп жатыр. Құтқарушыларға ауыл тұрғындарынан жасақталған 35 ерікті қосылды» - дейді Күршім аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Азамат Әбдірахманов.

Әзірге құтқарушылар бір маманның денесін судан алып шықты. Ол оқиға орнынан 30 шақырым жердегі Қыстау Күршім ауылының маңынан табылды. Екінші адамның денесі әлі іздестірілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр