Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды деген Жарлық жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
«Түймебаев Жансейіт Қансейтұлы Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалсын, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – 1958 жылы дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған.
Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.
Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы.
2006 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2007 жылы қаңтарда айынан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі болып тағайындалды.
2010 жылы қазанда – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2011 жылы наурызда Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
"Қазақ тілінің тарихи грамматикасы", "Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы", "Қазақ тілі", "Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық", т.б. кітаптардың авторы. "Құрмет" орденімен, медальдармен марапатталған.