Өскеменде Алматыдан әкелінген трамвай рельстен шығып кетті

altaynews.kz
Бұл трамвайдан емес, жолдың нашарлығынан болған жағдай, -дейді мамандар.

Өскеменде таңғы сағат сегіздер шамасында оқыс оқиға болды. Нақты айтсақ, Ворошилов көшесінің бойында Алматыдан әкелінген трамвайлардың бірі тағанынан тайып кетті. Қазір трамвайлар қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бастысы, жүргіншілер дін аман.

– Трамвай жолдан баяу жылжып ғана шығып кеткен. Тіпті, іштегі адамдардың өзі ештеңе сезбей қалыпты, – дейді қалалық транспорт компаниясының (бұрынғы трамвай паркі) жетекшісі Владимир Панков.

Оның айтуынша, бұл трамвайдан емес, жолдың нашарлығынан болған жағдай.

– Өткен жолы ескі трамвайлардың бірі де дәл осылай жолдан шығып кеткен болатын, – деді Владимир Панков.

Осы оқиғадан кейін қала әкімдігі жолдың қираған бөліктерін анықтап, оларды жөндететіндігін айтты.

Айта кетейік, қазір қалада жүріп тұрған трамвайлар саны – 12. Оның 10-ы бұрынғы трамвайлар болса, екеуі Алматыдан әкелінген жаңа трамвайлар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды