Шығысқазақстандық ақын Айжарық Әбілқасым – Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатына бара алмаса да, үйде отырып, тақымын қысқан жанкүйердің бірі деп жазады Хабар 24 арнасы.
Жай ғана жанкүйер емес, әрбір матчты өлеңмен өрнектеп, жерлестеріне оқып беретін қасиеті және бар. Яғни доп додасын теледидардан көре алмағандар ақынның ауласына жиналады.
Айжарық Әбілқасым, ақын: Алаңдатқан қос топ шықты алаңға Фантастика «футбол» деген адамға. Сай тасындай жігіттер тұр сап түзеп, Толқын атқан 90 минут бар алда. Ыршиды уақыт, ыңғайға бір келмеген. Ырғалады стадион кернеген. Жер шарының жарты тұсы өрекпіп, Ұшып бара жатыр өмір желменен. Қадалған доп қалт еткізбей тұр көпті. Бұдыр табан бұрыла кеп, бұрқ етті. Ортекедей орғып түсті қақпашы, Қырсыққанда қарауылы мүлт кетті. Су кеуделер сырғып шығып сақтана. Сусып барған сұқ саусақтай шаппаға, Соңғы сәтте керсадақтай керіліп, Сұлқ еткізді содыр допты ер жігіт. Қыз үйіндей қырсығып ап қақпаға. Гооол! Ұпай болды, ұстарадай маңдайға. Орта толды ойбай менен айғайға. Аяқталды-ау ала доптың айқасы, Ұқсап барып ұрандаған майданға.