Алматылық Шиара Құдайбергеноваға iPhone сыйға беріледі

sputniknews.kz
Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-да ең жоғары балды жинаған алматылық түлекке iPhone сатып алды деп жазады Sputnik.

Әлімқұлов биылғы жылдың мамырында ҰБТ-ның он бес жылдық мерейтойы құрметіне алғаш болып ең жоғары балл жинаған түлекке сыйлық жасайтынын мәлімдеген еді. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназияның түлегі Шиара Әбдірахымқызы Құдайбергенова Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 140 балды жинағанын ести сала, уәдесін орындауға асықты, түскі үзіліс кезінде гаджет сатып алуға барды.

"Биыл ең жоғары деңгейге жеткенімізге қуанып отырмыз. Бұл қуанышты күнді өткен жылы тестілеудің жаңа форматы енгізілгеннен бері күтіп жүрген едік. Уәдемді орындап, телефонды сатып алдым, енді сыйлықты тапсыру үшін Шиарамен кездесуді күтеміз", – деді Рамазан Әлімқұлов.

Смартфонды тапсыру үшін алматылық түлек Астанадағы қорытынды баспасөз конференциясына шақырылды. Егер ол елордаға келе алмай қалған жағдайда сыйлықты ұлттық тестілеу қызметкерлері апарып береді.

"Шиараға сәттілік тілеймін. Ол үлкен өмірге қадам басып жатыр. Қажетті мамандықты таңдап, жақсы маман болып шығуына тілектеспін. Ал оның білімі мен тәжірибесі еліміздің дамуына септігін тигізеді деген ойдамын", – деді Рамазан Әлімқұлов.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусымда басталған. ҰБТ-ны биыл 102 447 түлек тапсырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады