Қос елден зейнетақы алған Ресей азаматы Қостанай сотында жауап береді

www.inform.kz
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, зейнеткер 2000 жылы Ресей Федерациясы Челябі облысының зейнетақы қорының тізіміне алынған.

Ресей азаматшасы 15 жыл бойы Қазақстан қазынасынан заңсыз зейнетақы алып келген. 73 жастағы әйел енді сот алдында жауап беретін болады деп жазады zakon.kz Астана телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, зейнеткер 2000 жылы Ресей Федерациясы Челябі облысының зейнетақы қорының тізіміне алынған. Ал 2003 жылы Қостанай облысындағы халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жазып, өзге елдерде зейнетақы жарналарының түсімі жоқ деп көрсетеді. Корпорация қызметкерлерін алдап соққан ресейлік әйел 15 жылдан бері 4 миллионға жуық мемлекет қаражатын зейнетақы ретінде алған. Енді ол Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі және 1-тармағы бойынша айыпталып отыр. Алғашқы сот отырысы шілденің 4-не жоспарланыпты. Екі елдің зейнетақысына қалай қол жеткізгені әзірге беймәлім.

Анар Қалқамбаева, Қостанай қалалық №2 сотының кеңсе меңгерушісі: 22 мамыр күні қалалық сотқа Ресей азаматшасына қатысты қылмыстық іс түсті. Оған алаяқтық жолмен аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айып тағылып отыр. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам теңге төленді. Қомақты қаражаттың қалған бөлігін мемлекет қазынасына қайтарған жоқ. Алғашқы сот тыңдалымы белгіленді. Қылмыстық іс материалына сәйкес айыпталушы кінәсін толық мойындаған.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі