Грантта оқыған дәрігерлер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге міндеттелмек

Baq.kz
Олар денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда 3 жыл жұмыс істейді.

Халыққа есеп беру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік грант бойынша медициналық университтерде оқыған студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге міндеттелетінін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алдағы жылдан бастап, медициналық университеттерде мемлекеттік грант бойынша білім алған студенттерге өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге міндеттейтін норма күшіне енеді. Олар денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда 3 жыл жұмыс істейді. Біз нормативті-құқықтық құжаттар бойынша тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Олар дәрігерлер тапшы деген мекемелерге жіберіледі», - деді министр.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов медициналық жоғары оқу орнында оқып жатқан студенттерге де талаптың күшейетінін атап өтті.

«Осыған дейін курстан курсқа өту маңызды талап болып саналатын. Енді орташа балдың деңгейі жоғарылайды. Нәтижесінде біз студенттер үшін курстан курсқа өтудің талабын күшейттік. Осылайша, біз түлектердің білім сапасын арттыруды көздеп отырмыз», - деп түйіндеді сөзін министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді