Шымкенттік полицейлер жасөспірімге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

in-news.ru
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Әлеуметтік желілерде ер азаматтың кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты заңсыз іс-әрекеті туралы бейнематериал таралған деп хабарлайды zakon.kz Ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Аталған жайт бойынша Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ СДТБТ-не тіркелді.

Полицейлермен барлық іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде жедел ізкесушілер «ізін суытпай» күдіктіні ұстады. Ол қамауға алынды.

Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жәбірленуші жасөспірім бала болғандықтан, кәмелетке толмаған бала мен оның жанұясына түсіністікпен қарап, аталған ақпаратты ары қарай таратпауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз