Павлодар облысында пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісінің жағдайы белгілі болды

www.pavlodarnews.kz
Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігердің орынбасары Светлана Подзорованың айтуынша, науқастың жағдайы орташа.

Павлодар облысында пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігердің орынбасары Светлана Подзорованың айтуынша, науқастың жағдайы орташа. - 55 жастағы автобус жүргізушісінің миы шайқалған, - деді Светлана Подзорова.

– Ол жабық бассүйек ми жарақатын алды. Оған барлық тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның сөзінше, жол көлік оқиғасының нәтижесінде жеті адам түрлі жарақат алған.

- Жеті адамның үшеуі амбулаторлық ем алып жатыр. Зардап шеккендердің біреуі оң жақ беті буынының жабық жарақатын алса, енді біреуі сол иығын жарақаттаған. Қалғандары жеңіл жарақат алған. ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 1- бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, 2 шілде күні Екібастұз қаласының маңындағы «Үшқұлын-Тоқубай» бағытының Павлодар-Екібастұз бөлігінде жүк пойызы жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан автобус жолдың жиегіне шығып кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді