ШҚО-да өзін халық емшісімін деген алаяқ ұсталды

sn.kz
Қазіргі кезде күдікті ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады.

Семей тұрғыны өзін «халық емшісімін» деп таныстырып, әйелдерден ақша алған деп жазады sn.kz.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция бөлімшесіне алаяқтың үстінен екі бірдей жәбірленуші шағым түсіріпті.

2 маусым күні 52 жастағы әйел полицияға өзін 56-дағы ер адамның алдап кеткенін айтып, арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әлгі өзін дәстүрлі жолмен емдейтін халық емшісі ретінде таныстырған. Әйелге бір айдың ішінде сырқатынан сауықтыруға уәде беріпті. Сөйтіп алдын-ала 60 мың теңге өтем алған.

Сол күні бір сағат өтер-өтпестен полиция бөлімшесіне алаяқ емшінің құрбанына айналған тағы бір 43 жастағы келіншек шағымданған. Халық емшісіне алданған ол емделуге 32 мың теңге берген.

Қазіргі кезде күдікті ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады. Оның алаяқтық әрекетіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз