Жанарбек Әшімжан «Ана Тілі» ұлт басылымының бас редакторы болып тағайындалды

kazgazeta.kz
Басылымның бұрынғы бас редакторы зейнеткерлік демалысқа шықты.

«Ана тілі» ұлт басылымының бас редакторы ауысты. Зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты, 2009 жылдың наурыз айынан бері «Ана тілі» газетін басқарып келген Қазақстан Жазушылар Одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы Самат Бектенұлы Ибраимге «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұжымы басылымға сіңірген зор еңбегіне алғыс білдірді деп жазады kazgazeta.kz.

Бүгіннен бастап, республикалық «Ана тілі» ұлт басылымының бас редакторы болып журналист, ақын, публицист Жанарбек Әшімжан тағайындалды.

Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында туған. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Жанарбек Әшімжан «Алматы ақшамы» газеті, «Қазақстан» журналы, «Жас Алаш» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2005 — 2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары, одан кейін Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты