Алматы қаласында шегірткеге қарсы күрес басталады

karaganda-region.gov.kz
Аталған жұмыс түнгі кезеңде сағат 23:30 дан 05:30 – ға дейін жүргізілетіндігіне байланысты, тұрғындарға түнгі серуендеу кезінде сақтық шараларын сақтауды және үйдің терезелерін жабуды сұрайды.

12 шілдеден бастап Алматы қаласында тұрақты емес шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша жоспарланған іс-шаралар басталады. Бұл туралы zakon.kz Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

2,5 мың га жерді құрайтын, саяқ шегіртке зиянкестеріне қала аумағының Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында барьерлік өңдеу жұмыстары жүргізілерді.

Дезинсекция жұмыстары жасыл желектерді қорғауға және жәндіктердің Алматы қаласы аумағына көшуіне төтеп беруге арналған.

Сондай-ақ, 500 га жерді құрайтын, жәндіктердің қала аумағында көп шоғырланған аймақтарына, жақын арада жергілікті өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, аталған жұмыс түнгі кезеңде сағат 23:30 дан 05:30 – ға дейін жүргізілетіндігіне байланысты, тұрғындарға түнгі серуендеу кезінде сақтық шараларын сақтауды және үйдің терезелерін жабуды сұрайды.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды