Балағат сөйлеген қостанайлық 60 мың теңге айыппұл төлейді

www.inform.kz
Іс деректеріне сүйенсек, осы жылдың 12 мамыры күні Қостанай ауданы Затобол ауылының тұрғыны жергілікті демалыс орны әкімшісімен сөзге келіп қалған.

Қостанай тұрғыны демалыс орны әкімшісін қорлағаны үшін 25 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректеріне сүйенсек, осы жылдың 12 мамыры күні Қостанай ауданы Затобол ауылының тұрғыны жергілікті демалыс орны әкімшісімен сөзге келіп қалған.

«Айыпталушы әкімшінің ар-намысын төмендететін сөздер айтып, балағаттаған. Сот іс деректерін қарап, сот отырысында ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, қала тұрғынының қылмыстық теріс қылық жасағанын дәлелдеді. Айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуы оның жазасын жеңілдетті», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Жәбірленуші моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талабы бойынша 100 000 теңге көлемінде қаржы сұраған.

Алайда, сот жәбірленушінің талабын ішінара қанағаттандырды. Қостанай аудандық сотының үкімімен әкімшіні балағаттаған әйел кінәлі деп танылды.

Ол жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін 60125 теңге айыппұл төлейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді