Ирландияда оқитын бала Өскемендегі әкесін сотқа берді

altaynews.kz
Заң бойынша бозбала қай елде білім алатынын өзі таңдай алады.

Өскемен қалалық ювеналдық сотында кәмелеттік жастағы баланың әкесіне қарсы алимент дауы қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Марат Бекетаев «Солтүстік Ирландияда оқып жатқан бозбала Өскеменде тұратын әкесінен оқу шығындарын өтеу мақсатында алимент талап еткен. Ал өскемендік әке ұлы шетелде оқып жатқандықтан, алимент төлеуге құлықсыз екенін айтты. Ол сот алдында ұлының «Қазақстанда да оқуына болар еді» деген уәж айтты» – делінген ресми ақпаратта.

Алайда, бұл уәж сот залында айтарлықтай әсер туғыза алмаған. Заң бойынша бозбала қай елде білім алатынын өзі таңдай алады. Өскемендік тұрғын сот шешімі бойынша ұлы сұраған 2 айдың алиментін төлеуге міндеттелді. Ол сома 15 айлық есептік көрсеткішке тең.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз