Шенеуніктер «Нұрлы жердің» тендерін 30 млн теңгеге сатып жіберді

www.inform.kz
Олар кәдімгідей қылмыстық сxемамен жұмыс істеген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парақор шенеуніктерді ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Қостанай облысында әкімдік қызметкерлері мемлекеттік тендерді кәсіпке айналдырып, тапсырысты жасап бергені үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алған. Олар кәдімгідей қылмыстық сxемамен жұмыс істеген.

Біріншісі - Қостанай қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Жүнісов, екіншісі - облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Құланбаев.

"Олар өзара сөз байласып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңуге көмек көрсеткен. Сол үшін 30 миллион теңге көлеміндегі пара алды деген күдік бар. Сот санкциясы бойынша Жүнісов және Құланбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын.

Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институтының басшылығы патологанатомдық қызметке заңсыз жарнама жасап, сол үшін жүйелі түрде пара алып келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады