«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы алматы облысының шалғай ауылдарына жетті

shymkenttv.kz
Алматы облысы алғашқы болып мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне QR-кодтар енгізді.

Жетісу өңірінің 250-ден астам елді мекенінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, тұрғындар электронды қызмет түрлерін кедергісіз ала бастады. Бұдан былай ауылдағы ағайын аудан орталығына сабылмай-ақ қажетті анықтаманы өзі-ақ басып шығару мүмкіндігіне ие. Бұл туралы zakon.kz QAZAQSTAN телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өтенайлық Гүлшекер Иешова бұдан былай қажет құжатын қалаға бармай-ақ ала береді. Компьютер меңгерсе, зейнеткер электрондық үкімет порталына өзі-ақ кіріп, анықтамаларын ешкімнің көмегінсіз рәсімдеуге дайын. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы кейуананың уақыты мен қаржысын үнемдеп отыр.

Гүлшекер Иешова, ауыл тұрғыны: - Автобуспен сонау ЦОН-ға барып жүргенше, үйіңнің жанынан керекті ақпаратыңды алуға болады.

Бұдан бөлек, Алматы облысы алғашқы болып мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне QR-кодтар енгізді. Енді қолында смартфоны және арнайы бағдарламасы бар тұрғын өзіне қажет қызметтің заңдылықтарын оңай тексере алады. Мемлекеттік қызметшінің де, өзінің де құқықтарын біліп отырады.

Жеңіс Аңдабеков, Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Алматы облыстық департаментінің басқарма басшысы: - Жемқорлықтың тәуекелділігін төмендетеді. Мемлекеттік қызметкермен қарапайым тұрғынның арасында қарым-қатынас болмайды. Мұнын ең басты мақсаты сол.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына әзірге кеңесші-маман бөлінді. Ол бастапқыда тұрғындарды электронды үкімет порталын пайдалануға үйретеді. Ал, мұндай электронды қызмет көрсету бұрыштары Алматы облысының 400-ге жуық мектебінде ашылып отыр.

Қуаныш Қанатұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі