Павлодарда бір түнде үш автосалонды тонаған ер адам ұсталды

Рavlodarnews.kz 
Егер де жазба және бейнетіркеу болса, міндетті түрде құқық қорғау органдарының өкіліне хабарласқан жөн.

Павлодарда автосалондардан ұрлық жасағаны үшін 37 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

«Құрықталған азамат бір түннің ішінде үш рет ұрлық жасап, аккумуляторларды қолды қылған. Ол түнгі мезгілде автокөліктердің есігін сындырып, қылмыстық әрекет жасаған», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейін тергеу жүргізу амалдары жалғасуда.

Полицейлер қарақшылардың құрбаны болған жағдайда жедел тергеу тобы келгенге дейін салонға отыруға және автокөлікке қолмен соқтықпауға кеңес береді.

Егер де жазба және бейнетіркеу болса, міндетті түрде құқық қорғау органдарының өкіліне хабарласқан жөн.

Айта кетерлігі, бұған дейін полицейлер Толстой көшесіндегі үйдің ауласында көліктің оталдыру тетігінде кілтті қалдырып кетіп, үйде жайбарақат отыра бергенін анықтаған.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады