Терезеден құлап кеткен бала 20 минут бойы 19-қабаттың балконынан салбырап тұрды

sputniknews.kz
Күзетшілер пәтердің есігін бұзып кіріп, бүлдіршіннің өмірін құтқарды.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында әжесіне қонаққа келген 5 жасар баланы құтқарушылар ажалдан аман алып қалды деп жазады sputniknews.kz.

Белгілі болғандай, 5 жасар бүлдіршін әжесіне қонаққа келген. Бала ұйқыға кеткен кезде, әйел би сабағына қатысу үшін төменгі қабатқа түседі. Ұйқысынан оянған бүлдіршін әжесін іздеп, 20-қабатта орналасқан пәтердің балконына шығады. Абайсызда төменге құлап кетіп, 19-қабаттағы балконның жақтауынан ұстап үлгерген.

Бүлдіршін 19-қабаттағы балконнан 20 минут бойы салбырап тұрған. Баланы сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам көреді, деп жазады life.ru.

"Әдетте ол мені іздесе, бірден аулаға шығады, бірақ сол жолы неге балконға барғанын білмеймін", — дейді әжесі.

Жоғарыда салбырап тұрған баланы көрген ер адам күзетшілерді көмекке шақырған. Олар 19-шы қабаттағы пәтердің есігін бұзып, баланы ажалдан аман алып қалды.

"Үйде ешкім болған жоқ, әже төменде билеп жүрді. Есік жабық болды, сондықтан оны іздеп балконға шықтым", — дейді балақай.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі