Қазақстандықтар барлық кірістері мен мүлкі туралы есеп береді

www.inform.kz
Кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ тіркеуде тұрған мүлкі бар тұлғалар үшін декларацияны ата-анасы немесе қамқоршысы жеке сәйкестік нөмір арқылы толтырады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандықтар жеке мүлкі мен кірісі туралы жылына бір рет есеп беруге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында еске салды.

Оның айтуынша, декларацияда жеке тұлға меншік құқығы бар мүліктерді, оның ішінде пәтерлер, көліктер, банктегі салымдарын және 2019 жылдың 31 желтоқсаны жағдайында төлеуге алған міндеттемелерін көрсетуі тиіс.

Сонымен бірге, комитет өкілі декларация толтыруы қажет тұлғаларды үш топқа бөліп көрсетті.

1. Кәмелеттік жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары, оның ішінде оралмандар мен Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғандар.

2. Мүлкі немесе қатысу үлесі бар кәмелеттік жасқа толмағандар.

3. ҚР аумағында мүлкі бар шетелдіктер.

«Декларацияда үйде сақтаулы тұрған қолма-қол қаражатты да көрсету керек. Егер қолма-қол ақша көлемі ең төменгі жалақы көлемінің 500 есесінен асып кетсе (Еңбекақының ең төменгі мөлшері - 28 284 теңге), банкте есепшот ашып, қаражатты сонда сақтауыңыз керек. Сосын банкте осындай қаражатыңыз бар екенін көрсетесіз», - деп түсіндірді Мәди Тәкиев.

Кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ тіркеуде тұрған мүлкі бар тұлғалар үшін декларацияны ата-анасы немесе қамқоршысы жеке сәйкестік нөмір арқылы толтырады.

Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылы Қазақстанда шамамен 12 млн 900 мың адам декларация толтыратын болады.

Оның ішінде 7,4 млн адам - қала тұрғындары және 5,5 адам - ауыл тұрғындары болады деп күтілуде.

Декларацияны толтырудың екі мерзімі бекітілген: қағаз жүзінде есеп бергісі келгендер 15 шілдеге дейін, ал электронды түрде декларация толтыратындарға - 15 қыркүйекке дейін уақыт беріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты