Маңғыстаудың инвестициялық ахуалы жақсаруда

Жыл соңына дейін бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы инвестициялар көлемін одан әрі ұлғайту жоспарланып отыр.

2017 жылдың қортындысына сәйкес Маңғыстау облысы жан басына шаққандағы негізгі құралдарға салынған инвестиция көлемі бойынша республикада үшінші орында (664,900 теңге).

Маңғыстау облысы - сыртқы экономикалық ынтымақтастық саласында әлемнің 89 елімен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырады. 37 мемлекетпен экспорттық операциялар, 86 елмен импорттық аударымдар жасап келеді.

2017 жылдың қортындысы бойынша тауар айналымы 4 556,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылға (3 853,4 млн. АҚШ доллары) қарағанда 18,2% - ға жоғары.

2017 жылы өңір басшысы Ералы Тоғжанов – инвестиция саласында әлемнің әлеуетті 30 елінің (Қытай, Ұлыбритания, Оман, Түркия, Иран, АҚШ, Франция, Нидерланды, Италия, Израиль және т.б.) инвесторларымен кездесулер өткізді. Нәтижесінде энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қалалық инфрақұрылым сияқты экономиканың секторларындағы жобаларды іске асыратын өзара ынтымақтастық жөніндегі 14 меморандумға қол қойылды. 2017 жылдың қортындысы бойынша Маңғыстау облысы жан басына шаққандағы негізгі құралдарға салынған инвестиция көлемі бойынша (664,900 теңге) үшінші орында.

2018 жылдың 1-жарты жылдығында алыс және таяу шетелдердің 10-нан аса елінің (Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Иран, Италия, Испания, Германия, Франция, Нидерланды және басқалары) ірі инвесторларымен келіссөздер жүргізіліп, 6 меморандумға қол қойылды.

Маңғыстау облысы делегациясының 2018 жылдың наурыз айындағы БАӘ-ға сапары маңызды және жемісті болды. Облыс әкімінің басшылығымен облыс делегациясы «Dubai Port World», «Camelicious» және т.б. компанияларымен ірі жобаларды жүзеге асыру бағытында келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде араб елімен бірқатар меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, дүниежүзілік үшінші әлемдік порт операторы саналатын «DP World» компаниясымен келісімге қол қойылды. Бұл келісім «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның дамуына қосымша серпін береді.

2018 жылдың сәуір айында өңір басшысының бастамасымен Маңғыстау облысының делегациясы Балқан велаятына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Каспий маңы екі елінің өнеркәсіп және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Түрікменстан бизнес-форумы өтті. Нәтижесінде Маңғыстау облысы тарапынан трансшекаралық ынтымақтастықты белсенді жүргізу бойынша 13 ұсыныс жасалды.

Жалпы алғанда, «ҚР Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ералы Лұқпанұлының жұмыс жасаған уақыт аралығында 419 жаңа жұмыс орнын құрған 70,7 млрд. теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылды.

Жыл соңына дейін бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы инвестициялар көлемін одан әрі ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл шамамен 32 млрд. теңгені құрайтын 130-дан астам жоба.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: