Семейде сыбайлас жемқорлық бойынша 9 адам сотталды

24.kz
Жазаға кесілген білім мекемесінің басшысы екі мұғалімді шартты түрде жұмысқа қабылдап, олардың айлығын өз қалтасына салып отырған.

Семейде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 9 адам сотталды. Олардың қатарында полицейлер, кәсіпкерлер мен білім мекемелерінің басшылары бар. Бұл туралы қалалық №2 соттың төрағасы Жанат Әбенова баспасөз мәслихатында жария етті деп жазады Хабар 24 арнасы.

Белгілі болғанындай, егер жол полицейі пара алғандығы үшін сотқа тартылса, колледж директоры өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иеленгені үшін сотталған. Жазаға кесілген білім мекемесінің басшысы екі мұғалімді шартты түрде жұмысқа қабылдап, олардың айлығын өз қалтасына салып отырған.

Жанат Әбенова, қалалық №2 соттың төрағасы: - Жемқорлық бойынша сотталғандардың барлығы өз кінәларын толығымен мойындап, өкініп, мемлекет келтірілген залал есебін толтырды. Соған байланысты оларға бас бостандығынан шектеу жазасы және айыппұл жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды