Көшедегі адамдарды сүзген сиырдың иесіне жаза қолданылмайтын болды

sonnikpro.com
Естеріңізде болса, жапа шегуші төрт адам ІІБ-ге шағым түсірген.

Өскемендік полиция бірнеше адамды жарақаттаған сиырдың иесіне жаза қолданудың еш реті жоқ деп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала көшелерінде адамдарды қуалап, сүзіп жүрген сиыр туралы жазған едік. Естеріңізде болса, жапа шегуші төрт адам ІІБ-ге шағым түсірді. Жазылған жайдың жалғасы былай:

– Болған оқиғадан ешқандай әкімшілік құқық бұзушылықты көріп отырған жоқпыз. Бұл – азаматтық-құқық төңірегіндегі мәселе. Біз сот-медициналық талдау тағайындадық. Соның нәтижесінде зардап шегушілер сотқа жүгіну арқылы қожайыннан өтемақы ала алады, – деді Өскемен ІІБ баспасөз қызметі.

– Ірі қара басқа жақтан сатып алынғандықтан, қашып шыққан. Дені сау, сырғалары бар, құтырған түгі жоқ. Сол себепті ешқандай іс қозғалмайды, – деп қосты ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді