Жалағашта полицейдің арқасынан тепкен жігіт сотталды

www.inform.kz
Сотта ол кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотында полиция қызметкеріне дөрекілік көрсетіп, оған жеңіл дене жарақатын салған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық орында масаң күйде айқайлап, балағат сөз айтып тұрған Б. есімді азаматты полиция лейтенанты М. тәртіпке шақырған. Дегенмен, полиция қызметкерінің айтқанына көнбеген ол тәртіп сақшысының арқасынан тебеді. Полиция лейтенантының киімінің түймелерін үзіп, жеңіл дене жарақатын салған», - деп жазылған Жалағаш аудандық баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотта ол кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен Б. ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау орнатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады