Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 663,6 млрд теңгеге көбейді

akamaized.net
2018 жылғы қаңтар-маусым айларында зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 356,4 млрд теңгеге ұлғайды.

Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар- маусымда 663,6 млрд теңгеге (8,5%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 444,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы zakon.kz, Ұлттық банктің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылғы 1 шілдеде 3 131,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-маусымда 356,4 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 шілдеде 9,7 млн шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-маусымда 100,9 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ-тың жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2018 жылғы

1 шілдеде бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 46,8%-ын және 25,4%-ын) құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз