Күйеуінен таяқ жеп үйінен қашып кеткен 19 жастағы келіншек табылды

www.qamshy.kz
19 жастағы Жансая күйеуімен болған ұрыс-керіс салдарынан Шымкент қаласына кетіп қалған.

Түркістан облысы Созақ ауылында күйеуінен тая жеп қашып кеткен 19 жастағы келіншек табылды. Бұл туралы qamshy.kz, Түркістан облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, келіншек 24 шілдеде Шымкент қаласындағы сауда-орталықтарының бірінен табылған екен.

19 жастағы Жансая күйеуімен болған ұрыс-керіс салдарынан Шымкент қаласына кетіп қалған. 24 шілдеде келіншек күйеуінің үстінен арыз түсірді. Арыз негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен хаттама толтырып, жәбірленушіге сараптама жүргізілетін болды.

Күні кеше журналист Гүлмира Әбіқай Созақ ауданында 19 жастағы келіншектің жоғалып кеткенін жазған еді. Деректерге сенсек, 7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келді, үш айдан соң қолы шытынап тағы келді.

Бұл жолы үшінші рет келгенде "келін болған жерден түңілдім" деп кесіп айтты. Алайда жеңгелері соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосты. Таңғы 6-да енесі мен күйеуі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды