Алматы автобазардағы рейд: 400-ден аса адам полицияға жеткізілді

www.inform.kz
Акция 29 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек «Жібек Жолы» автобөлшектер базарындағы рейд қорытындысын ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Кеше «Жібек жолы» базарында 1492 сауда нүктесі, 68 ТҚКО және 82 көліктің криминалды мәліметтері тексерілді. Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 416 адам полицияға жеткізілді», - деді С.Әзірбек.

Оның айтуынша, полицияға жеткізілген адамдардың 20-сы Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген.Тексеру нәтижесінде іздеудегі 4 қылмыскер ұсталды.

«Одан бөлек 136 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. ІІД қамау бөліміне 100 жуық адам тоғытылды», - деді ол.

Сонымен қатар, кеше жедел шара барысында «Car city» базарында криминалды полиция қызметкерлері Алакөл ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Ол - сатушы. Бұл жігіт ұрланған айнаны сатып алды деген күдік бар. Ер адам бұрын да бірнеше рет ұрланған дүниені сатып келген. Одан 15 ұрланған айна табылды. Енді осы жігіттен сатып алған тұлғалар анықталып жатыр», - деді полициядан.

Айта кету керек, Алматы полициясы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту үшін жедел профилактикалық шара ұйымдастырды.

Акция 29 шілдеге дейін жалғасатын болады. Бұл жұмыстарға 2 000 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды