Бүгін еліміздің кейбір аймақтарында өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды

bnews.kz
Оңтүстікте бұршақ жауып, жел күшейеді және ол шаңды дауылға ұласады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның кейбір аймақтарында өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстікте бұршақ жауып, жел күшейеді және ол шаңды дауылға ұласады. Түнде және таң ата солтүстікте тұман түсуі мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Павлодар облысында бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секунына 15-20 метрге жетіп, соңы шаңды дауылға ұласады. Жамбыл облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы да мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр дейін жылдамдықпен ұйтқиды. Атырау облысының бірқатар аймақтарында түнде найзағай ойнайды. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облыстары мен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында ерекше ыстық болады және өрт қаупі туындайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады