Ақтөбеде демалыс күні Ақтөбе су қоймасындағы жеке жағажайда жасөспірім қыз суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға 29 шілдеде кешкісін «Алау» жеке жағажайында болған. Үш бала суға ағып бара жатқан. Демалушылар олардың тек екеуін құтқарып қалған, алайда 14 жастағы қыз суға батып кеткен.
«Қайғылы оқиға 29 шілдеде «Алау» жағажайында болған. Жедел-құтқару жасағы мен бір техника бірлігі 14 жасар қыздың денесін тапты. Ол 18:44-те шомылуға арналмаған жерде суға батып кеткен», - деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Ақтілек Кеңес.
Бұдан бұрын хабарланғандай, шілдеде Ақтөбе су қоймасындағы «Інжу» жеке жағажайында құм опырылған еді.
Соның салдарынан екі бүлдіршін зардап шекті. 10 айлық сәби түрлі жарақатпен жансақтау бөліміне түсті.