Еуропаға өтпек болған Нигер босқындары кері қайтарылды

Хабар 24
Еуропаға өтпек болған 160 мигрантты еліне кері қайтарды.

Ливия билігі Нигерден заңсыз келіп, Еуропаға өтпек болған 160 мигрантты еліне кері қайтарды, деп хабарлайды Хабар 24.

Шара Біріккен ұлттар ұйымы көші-қон агенттігінің бағдарламасы шеңберіне жүзеге асырылды. Мақсат – кәрі құрлыққа бет алған босқындарға тосқауыл қойып, елдегі түрмелер мен арнайы орталықтардағы келімсектердің санын азайту. Ал соңғы ақпаратқа қарағанда, еуропалық кемелер бұл теңізде 600-ге жуық мигрантты құтқарған. Бірақ бір италиялық кеме жүзден астам келімсекті Ливияға қайта апарып тастаған. Алайда Италия ішкі істер министрі мұндай оқиғаның болмағанын айтып, бұл мәліметті жоққа шығарды. Дегенмен ол расталса, бұл босқындарды еуропалық кемежайға апармай, Ливияға кері қайтарған алғашқы оқиға болайын деп тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Италия үкіметі мигранттар тиелген бірнеше кемені қабылдамай, өз кемежайларын уақытша жабатынын мәлімдеді. Салдарынан Испанияға бет алған мигранттардың саны күрт өсті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады