Шымкент пен Атырауда полицейлер ұсталды

Baq.kz 
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттерге күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Шымкентте Арнайы прокуратура және қалалық ІІД МҚБ қызметкерлері дәлел зат ретінде қабылданған біреудің мүлкін ұрлады деген факті бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында қалалық ІІД қызметкерін ұстады.

Бұдан басқа Атырау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің, ҰҚК департаментінің және ІІД МҚБ қызметкерлерінің бірлескен шұғыл-іздестіруі кезінде балық және балық өнімдерін заңсыз сату үшін жеке тұлғадан ақшалай пара алып отырғаны үшін облыстық ІІД қызметкерін ұстады.

«Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды