Биылғы қажылық сапардың шығындары қанша

www.inform.kz
Биылғы қажылық сапар шығыны бір адамға 4-5 мың АҚШ долларын құрайды.

Биыл Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі Қазақстан үшін 3000 адамға квота бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚМДБ Қажылық миссиясы аталған компаниялардың қызмет көрсету сапасын жіті бақылайтын болады. Қажылық парызын өтеуге ниет білдірген отандастар арасында 16-дан 89 жасқа дейінгі азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-анасымен бірге жүретін болады. Биылғы жылдың ерекшелігі - қажылардың киім үлгісі бірдей болмақ», -деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан Есмахан.

Биылғы қажылық сапар шығыны бір адамға 4-5 мың АҚШ долларын құрайды.

Қасиетті орындарға Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан авиарейстер жүзеге асырылады.

Қазақстандық қажыларға ҚМДБ Қажылық комиссиясының шешімімен қызмет көрсетуге лайықты деп танылған 18 компания қызмет көрсетеді.

Олардың алғашқы легі 8-9 тамызда аттанып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды