Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бір аптаның ішінде 11573 құқық бұзушылықты анықталып, жүргізшілерге 71 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Бір аптаның ішінде 12 771 құқықбұзушылық тіркеліп, 11573-і бойынша жалпы сомасы 71 млн теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде 49 млн 653 мың теңгесі төленді. Борышкерлердің 70 пайызының айыппұлы өндірілді, күн сайын 2-2,5 мың адам айыппұлы бары туралы хабарлама алады.
«Сергек» бағдарламалық кешені бізге жыл басынан бері жол-көлік апатын 20% төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, өткен жылы осы уақытқа дейін 21 адам көлік апатынан көз жұмса, биыл 13 адам», - деді Астана қаласының ІІД Әкімшілік полициясының бөлім басшысы Дархан Ташмұхамбетов.
Оның айуынша, инспекторларда белгілі бір құқықбұзушылық туралы хабарлайтын планшеттер мен арнайы принтерлер бар.
«Инспекторда планшет бар, егер жүргізуші «Сергек» бейнебақылау камерасына түсетін болса, базадан тексеріледі. Төленбеген айыппұлы бар немесе жоғы анықталған соң, ақпарат инспекторға беріледі», - деді ол.