«7-20-25»: Бір айда 2,2 млрд теңге заем берілді

www.inform.kz
Екінші деңгейлі банктер республика бойынша 640 өтінішті мақұлдап үлгерді.

ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов «7-20-25» бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 банкпен келісім жасалып, сомасы 2,2 млрд теңге болатын ипотека заемдары берілді.

«7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері бір ай өтті. Екінші деңгейлі банктер республика бойынша 640 өтінішті мақұлдап үлгерді», - дейді сенатор. Б. Жұмағұловтың айтуынша, Павлодар облысында 28 мың адам баспанаға зәру болып отырғанмен, әлі ешкім өтініш тастамаған.

«Меніңше, мұның себебі осы бағдарлама туралы дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілмегендігінде жатыр. Барлығын жергілікті атқару органдарына ысырып қоя бермеу керек. Бұл жерде Ұлттық банк пен «Баспана» ипотека ұйымы адамдарға «7-20-25» бағдарламасын дұрыс түсіндіріп жатқан жоқ деп ойлаймын. Өйткені жергілікті тұрғындардан сұрағанда «Біз ондай бағдарлама туралы білмейміз» деген жауаптар алдық», - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі