Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондардан ақау табылды 

sputniknews.kz
БАҚ-та жарияланған апаттың бастапқы себептері расталды: вагондардың бүйір рамасы сынып кеткен екен.

Жамбыл облысында жүк вагондарының не себепті рельстен шығып кеткені белгілі болды деп жазады sputniknews.kz.

"Қазақстан Темір Жолы" мәлімдегендей, Сарышаған-Шығанақ учаскесіндегі пойыз апаты вагондардың бірінің бүйір рамасы сынуы салдарынан болған.

Анықталғандай, тоғыз жыл бұрын өндірістен шыққан бүйір рамада ақау табылды — Азовэлектросталь" кәсіпорнында раманы құю кезінде кемшілік жіберіліпті".

Ұлттық компания вагонның иесі — "Исткомтранс" ЖШС-ін шығынды өтеуге міндеттеді.

ҚТЖ-ның хабарлауынша, аталған зауыттан шыққан бүйір рамалардың сынуы салдарынан соңғы сегіз жылда 14 рет вагондар рельстен шығып кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 31 шілдеде Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан жолаушылар пойыздарының кестесі өзгеріп кеткен. Кей қазақстандықтар вокзалдағы перрон мен орындықтарға жатып, пойыз күтуге мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды