АҚШ шөлейтінде табылған балаларды мектептерге шабуыл жасауға дайындаған

www.24.kz
Тергеушілердің айтуынша, ол қоғамға аса қауіпті.

АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы шөлейтте 11 баланы заңсыз лагерьде ұстағандар оларды ел аумағындағы мектептерге шабуыл жасауға дайындаған. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция істі тергеу барысында осыны анықтады. Сондықтан прокурорлар соттан жеткіншектерді күштеп ұстап келген Сираж ибн Вахажды бостандыққа жібермеуді сұрады.

Тергеушілердің айтуынша, ол қоғамға аса қауіпті.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Нью-Мексика полициясы «аш отырмыз, бізге су мен тамақ қажет» деген хабарлама алған соң осы лагерьді тексеруге келген.

Бұл жерден әбден ашыққан 11 бала мен үш әйелді және екі қарулы ер адамды кездестіреді.

Сондай-ақ лагерьден өткен жылы желтоқсан айында жоғалып кеткен 4 жасар баланың мәйіті табылды.

Белгілі болғандай күдіктілер балаларға қару атуды үйретіп, мектептерге шабуыл жасауға дайындаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді