Павлодарда жалған анықтама сатқан медбикелер жұмыстан қуылды

baq.kz
Заңсыз анықтама сатып, нәпақа тапқандарға қатысты қатаң шара қолданылатын болды.

Павлодар облысында медициналық анықтамаларды саудалаумен айналысқан бірнеше емхана қызметкерлері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кетейік, деректер бұған дейін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстағы департаментінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде тіркелді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашевтың айтуынша, заңсыз анықтама сатып, нәпақа тапқандарға қатысты қатаң шара қолданылатын болды.

«Анықтамаларды сатумен көбінесе медициналық регистраторлар айналысқан. Сонымен қатар, бір медбике бар. Олардың барлығы жұмыстан кетеді. Ал жалған анықтамаларды беруге жол берген емханалардың бас дәрігерлеріне қатысты қатаң сөгіс жарияланады. Қызметтік тексеру жүргіземіз», - дейді Ораз Мұқашев.

Еске салсақ, арнайы мониторингтік топ «Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы бірқатар емханаларда болып, заңға қайшы келетін әрекеттерді әшкереледі. Нәтижесінде медициналық анықтамалардың «еркін» саудада бар екені белгілі болған. Құжаттар 2 мың теңгеден 8 мың теңгеге дейінгі сомада бағаланған.

Айта кетейік, бұл саладағы алғашқы тексеріс емес. Бұған дейін мамандар облыстағы ауруханаларда болып, ақылы медициналық қызметтердің бағасын негізсіз көтерілуін анықтаған. Кейін ақылы қызметтерге бірыңғай тарифтер енгізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді