Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев басқа түрмеге ауыстырылды

zakon.kz
Енді бұрынғы шенеунік жазасын Ленгер қаласындағы түрмеде өтейді.

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы, миллиондаған қаражат қымқырғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаев басқа түрмеге ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, Бишімбаев Астанадан Ленгер қаласының колониясына ауыстырылған, қала Шымкенттен 35 километр қашықтықта орналасқан. Бишімбаевты көшіру кезінде Ұлттық ұланның кем дегенде он сарбазы алып жүрді.

"Мекеме максималды қауіпсіз болып табылады, яғни қатаң тәртіпті, ең көп дегенде 500 адамды отырғызуға болады. Ғимарат сонау 1976 жылы қолданысқа берілген", — деп мәлімет берді ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Ғалымжан Хасенов.

Естеріңізге сала кетсек, Астананың апелляциялық соты мамыр айының соңында бұрынғы ұлттық экономика министрі Бишімбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ол 2018 жылдың наурызында екі миллион доллар пара алғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі