Павлодар облысында құтқарушылар суға батып кеткен екі адамның денесін іздеуде

www.pavlodarnews.kz
Балықшылар ТЖ қызметіне 54 жастағы ер адамның жоғалып кеткендігі жөнінде қоңырау шалған.

Демалыс күндері ТЖ департаментіне суға батып кеткен ер адам мен бала жөнінде хабар келіп түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құтқарушылар Павлодар ауылындағы арнайы белгіленбеген орында батып кеткен 14 жастағы баланың денесін іздеген.

- Іздеу жедел құтқару жасағының көмегімен жүзеге асырылды. Құрамында төрт қызметкер болды. Баланың денесі табылмады, - деді баспасөз қызметінде.

Келесі оқиға Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында орын алған. Балықшылар ТЖ қызметіне 54 жастағы ер адамның жоғалып кеткендігі жөнінде қоңырау шалған.

- Олардың айтуынша, ер адам белгісіз жағдайда жоқ боп кеткен. Олар Торайғыр көліне батып кетті деп жорамалдап отыр. Оқиға орынында бес құтқарушы мен жүзуге арналған екі техника жұмыс жасады. Іздеу нәтижесін бермеді, - деді департаментте.

Дулат Райымбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты

Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті