Алматы облысында жас жігіт үш күн тоқтаусыз тоқыма тоқып рекорд орнатты

stan.kz
Нұрлан бала күнінен тоқыма тоқиды.

Алматы облысының Райымбек ауданында Нұрлан Жартыбеков үш күн демалмай, ұйқы көрмей тоқыма тоқыды деп жазады stan.kz.

Нұрлан Жартыбеков үш күн бойы демалыссыз 43 метрлік шарф тоқыды. Сол себепті Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Нұрлан бала күнінен тоқыма тоқиды. 4-сынып оқып жүргенінде жеке кәсібін ашып, биылғы жылдың басында алғашқы рекордын орнатқан. Ол көзін жұмып бір минутта 56 ілмек жасады. Қазір Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында тоқыма тоқудан сабақ береді.

«Мен Қазақстан бойынша көзді жұмып тоқыма тоқудан рекорд орнатқам. Енді үш күн тоқтаусыз тоқыма тоқы тағы рекордқа жеттім. Әлем бойынша Бразилияда 64 сағат тоқыма тоқыған адам бар. Ал, мен 72 сағат тоқыдым», – дейді Нұрлан.

Ол үш күнде дәрігерлердің қарауында болды. Қазақстандағы рекордтар кітабына тіркеу жөніндегі департамент директоры Бақытжан Тастүлеков Нұрланның рекордшы атанғанын айтты. Ол тоқыған шарфтың ұзындығы 43 метр, ені 30 см.

Жас рекордшыны Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтады. Әкім Нұрланға «Jetisy Style» ескерткішін табыстады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді